• RUB:
    5.4
  • USD:
    475.39
  • EUR:
    513.37
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Мамыр, 2024

Елімізде теледидар мен радио уақытша өшіріледі

125 рет
көрсетілді

Үздіксіз және сапалы телерадио хабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарында қызметтерді тоқтата отырып, тоқсан сайынғы жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Профилактикалық жұмыстарға байланысты осы жылдың 15 мамырында сағат 03:00-17:00 (Астана уақыты) аралығында телерадио хабар таратуды тоқтатады.

«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген хабарламада.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті