• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнім 13 Мамыр, 2024

Астанадағы ветеринариялық зертханаларда заң бұзушылықтар анықталды

152 рет
көрсетілді

Елорда прокуратурасы ветеринариялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде көптеген заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, мал шаруашылығы өнімдерін сатумен айналысатын субъектілерге бақылаудың жоқтығынан, етті дұрыс тасымалдамау, қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарланған ветеринариялық іс-шаралардың орындалмауы, сондай-ақ ішкі сауда нысандарында орналасқан ветеринариялық зертханаларда заң бұзушылықтар анықталды.

«Қала бойынша ветеринарлық-санитарлық бақылаудан өтпеген мал өнімдерін сатумен айналысатын жүзден астам бақылаусыз субъектілер бар. Барлық зертханаларда ветеринариялық-санитариялық жағдайды бұзу фактілері анықталып, кейбір зертханаларда ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз іс-шаралар жүргізілді.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке, ал мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады прокуратура. 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті