• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Таным 14 Мамыр, 2024

Ғалам ғажаптары: EX Robot гуманоидтар

203 рет
көрсетілді

Қытай ғалымдары роботтардың жүріс-тұрысы мен сырт келбетін барынша адамға ұқсатып жатыр.

Жаһанды дүрліктірген жасанды интеллектінің кернеуі күннен-күнге күшейіп келеді. Өз бетінше ойланатын роботтар көбейіп, барлық салада ба­сымдық алғанына куә болып отырмыз. Қытайдың Далянь қаласындағы «Болашақ пен ғылым» музейінде EX Robot гуманоидтардың прототиптері таныс­тырылды. Бұл құлтемірлердің терісі арнайы медициналық силиконнан жасалып, денесінің ұсақ-түйегіне дейін адамға ұқсас жасалған. Қызық әрі қорқынышты...

 

Кітап оқыған озар

«Microsoft» компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс туралы талай кітап жазылды. Өзі де бала күнінен кітапты жата-жастанып оқыған. Ал оған ата-анасы ықпал еткен.

Компьютерлерге деген құмарлығын байқаған Билдің ата-анасы оны бір жыл бойы электронды машинаға жолатпаған. Сол уақытта ол ұлы адамдардың өмірбаян­дарымен танысып, біраз кітапты кеміріпті. Бала күнінен бойына сіңген осы дағды кейін оны жетістікке жеткізді. Билл Гейтс өзінің сұхбатында қазір бір жасар не­мересіне жасанды интеллект және квант­тық компьютерлер туралы кітаптар оқитынын айтқан. Сондай-ақ миллиардер жыл сайын өзіне ұнаған кітаптар тізімін көпшілікке ұсынып отырады.

 

Зияны жоқ зымыран

Қытай ғарыш орбитасына эко­логиялық таза зымыран тасы­ғышты шығарды.

Жаңа тұрпатты «CZ-6C» зымыраны сәтті ұшырылды. Зымыран Қы­тай­дың солтүстігіндегі Шаньси про­вин­циясындағы Тайюань ғарыш айла­ғынан аттанды.

Кеме белгіленген нысанға «Haiwang-01» және «Zhixing-1C» жер се­ріктерін, кең жолақты оптика және бейне­бақылау жүргізетін құрылғыларды жеткізді. «CZ-6C» – сұйық отынмен жұмыс істейтін екі сатылы зымыран. Ол Шанхай ғарыш технологиялары академиясында әзірленген. Зымыранның ұзындығы 43 метр. Кеме жер маңайындағы орбитаға 4,5 тонна жүкті жеткізе алады.