• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Мамыр, 2024

Су тасқыны: 5 мыңнан аса адам әлі де эвакуациялау пункттерін паналап отыр

155 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі су тасқыны жағдайы бойынша соңғы деректі ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлік мәліметінше, республика бойынша 55 937 адам өз үйлеріне оралған. Ал, 5 333 адам әлі де эвакуациялау пункттерінде қалып отыр.«11 255 тұрғын үй мен 3 539 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 19,9  миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,8 млн қапшық және 1,5 миллионнан астам тонна инертті материал төселді», делінген хабарламада.