Олимпиада жолдамасына велотректен Қазақстан құрамасы ие болды. Лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Бұл 51-ші жолдама, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәлім етуінше, Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин және спринт дисциплинасында бақ сынай алады.
XXXIII жазғы Олимпиадасы шілденің 26-сы мен тамыздың 11-і күндері аралығында өтеді. Париж-2024 ойындарына 205 елден 10 мың 500 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.