• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Мамыр, 2024

Гүлзарларда фотоға түскендер айыппұл арқалайды

173 рет
көрсетілді

Әдемі фото үшін де айыппұл төлеп қалуыңыз мүмкін. Алматыда гүлзарларда суретке түскендер жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап. 

Қала әкімдігінің ақпаратынша, әдемі сурет үшін ғана гүлдерді таптау оқиғалары жиілеп кеткен. Әкімдік қала тұрғындарын және қонақтарын гүлзарларды таптап, өсімдіктерді зақымдамауға шақырады.

Қолданыстағы заңға сәйкес, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны ескертіледі. Жеке тұлғаларға бастапқыда ескерту беріледі, ал елемегендерге 74 мың теңге айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар