• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2024

Қонаев қаласында граната жарылып, екі полицей жарақат алды

326 рет
көрсетілді

Қонаев қаласында оқу-жаттығу кезінде граната жарылған. Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БАҚ беттерінде оқу-жаттығу барысында қызметкерлердің бірі граната лақтырып, соның салдарынан екі полиция қызметкерінің жараланғаны туралы ақпарат тарады.

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады.

- Оқу полигонында жаттығу сабақтары кезінде жарық-шу гранатасы пайдаланылып, облыстық департаменттің екі қызметкері дене жарақатын алғанын хабарлаймыз. Нәтижесінде олардың біреуі қалалық ауруханаға жатқызылды - деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаментінен.