• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Мамыр, 2024

Заңсыз ойын мен лудоманияға қарсы іс-қимылға 80 млн теңге бөлінеді

171 рет
көрсетілді

Елімізде құмар ойындар мен бәс тігуге қарсы шараларға 80 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған Қазақстан Республикасындағы заңсыз ойын және ойынға тәуелділікпен күресудің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Осыған байланысты Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша 2024-2026 жылдарға арналған Кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыруға 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 80 931 200,0 теңге қаржы шығыстарын бөлу көзделеді», делінген құжатта.

Кешенді жоспарды жүзеге асыру нәтижесі құмар ойындарға тұрақты қатысатын адам санын төмендету, бұғатталған интернет-казинолар мен заңсыз букмекерлік сайттардың санын ұлғайтуды көздейді.      Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ, ЕҰУ студенті