Шымкентте 48 млн теңге жымқырған №44 орта мектеп директорының орынбасары мен білім мекемесінің бухгалтері сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды.
Сот үкімімен белгіленген нормативтен тыс жалақыны заңсыз аударғаны, сондай-ақ «қайтыс болған жандарға» жүйелі төлем жасап келгені үшін директор орынбасары мен мектеп бухгалтері 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жұмысына салғырт қараған мектеп директоры 6,9 млн теңге көлемінде айыппұл төледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.