• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс 16 Мамыр, 2024

«Синтетика» саудалаушы ұсталды

Қызылордада аса ірі көлемді синтетикалық есірткі сатпақ болған күдікті ұсталды.

Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қолға түскен күдікті облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сараптама қорытындысы тінту кезінде тәркіленген ұнтақтың 261 грамдық α-PVP психтроптық заты екендігін анықтады. Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылып, тергеу басталып кетті.

Соңғы жаңалықтар