Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді елорда әуежайынан шығарып салды, деп жазады Egemen.kz.
Өз кезегінде Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты бүгінгі туған күнімен құттықтады.
Айта кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін 71 жасқа толды.