• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Университет 19 Мамыр, 2024

Жоғары білім бағдарламалары: Климаттық өзгерістер

124 рет
көрсетілді

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Климат өзгерісі бойынша білім берудің болашағы: педагогтар мен стейкхолдерлер арасында синергия құру» тақырыбында Азия форумы өтті. Абай университеті, Окаяма университеті, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі бірлесіп ұйымдастырған форумға Жапонияның ғылымды дамыту қоғамы (JSPS) қолдау көрсетті. Форум климаттың өзгеру мәселелерін шешу үшін білім беру мекемелері мен стейкхолдерлер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуды, білім берудегі тұрақты даму мен инновацияға ықпал ететін бірлескен стратегияларды әзірлей отырып, білім және озық тәжірибе алмасу алаңын құруды көздейді.

Форумда Абай университетінің басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілеп педагогикалық білім берудің флагманы болып табылатын Абай университеті жасыл университет, цифрлық университет және педагогикалық зерттеу университетін құру жолында жаңа инновацияларды енгізе отырып, жаңа формациядағы педагог кадрларды даярлауда және ғылым саласын дамытуда әлемдік тәжірибені қолданылатынын атап өтті.

Окаяма университеті Тұрақты даму максатында білім беру орталығының директоры Хироки Фуджи, сонымен қатар профессор Рае Квон Чунг қазіргі экологиялық зерттеулердің маңыздылығына тоқталып, өскелең ұрпақтың назарын Жасыл экономикаға аудару қажеттілігіне баса назар аударды. Ғалымдардың пайымдауынша, климатты сақтау және оның өзгеруіне қатысты күресті қаржы, технология және экономика арқылы ғана емес, адамдардың ойлау қабілетіне әсер ету арқылы да жүргізуге болады және бұл жерде жоғары оқу орындары шешуші рөл атқарады.

Форумға Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының, Алматы қаласын дамыту орталығының, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің өкілдері, Корея, Филиппин, Жапония, Индонезия, Үндістан, Қытай, Өзбекстан елдерінен келген сарапшылар қатысты.

Іс-шара барысында профессорлар Хироки Фуджи мен Рае Квон Чунгқа «Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрметті профессоры» атағы берілді.

Ары қарай пленарлық отырыстар мен тақырыптық сессиялармен жалғасқан форумда Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі саласындағы білім Азия елдері педагогтардың климаттың өзгеруі бойынша білім беру бағдарламасы, Өзбекстан және Қырғызстан, Тұрақты дамуға арналған студенттік стартаптарды дамыту мәселесі талқыланды.

 

АЛМАТЫ