Құлсары қаласының су басқан аулаларынан 10 тоннадан астам қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылған. «Жылыой Тазалық ЖШС учаскесінің бастығы Асқар Теміржан айтып өткендей, аталған мекеме қызметкерлері су басқан үйлерден күніне 1,7 тоннаға дейін тұрмыстық қалдықтарды шығарып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
ТЖ режимін жою бойынша жұмыстар шеңберінде Құлсары тұрғындары үйлерінен бүлінген мүліктерді әкету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Күніне көшелерден 1,7 тоннаға дейін қоқыс жиналады. Міндетіміз – үйлер мен аулаларды қоқыстардан тез арада тазарту. Осылайша, тұрғындар жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үйлерін ретке келтіре алуына жағдай жасау», дейді Асқар Теміржан.
Қоқыстарды жинау және шығару жұмыстарына 17 арнайы техника, 5 жүк тиегіш, «Жылыой Тазалық» ЖШС-нің 38 қызметкері жұмылдырылды. Бес бригада күн сайын таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеп жатыр.