• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тағайындау 20 Мамыр, 2024

«Ońtústіk» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

559 рет
көрсетілді

Жаңа лауазым иесін шығармашылық ұжымға «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Азамат Кеңесұлы таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саламат Омаш Болатұлы «Ońtústіk» телеарнасына басшы болып тағайындалды. Ол 1988 жылғы 10 наурызда Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген. 2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы филология факультетін тәмамдады.

Еңбек жолын «31 арнадан» бастаған. Бүгінге дейін «Астана», «Ел арна», «Qazaqstan» телеарналарында жұмыс істеді.

2014 - 2017 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ, АСБД тілшілер қызметінің жетекші тілшісі;

2017 - 2018 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ, АСБД қорытынды жаңалықтар жүргізушісі;

2018 - 2019 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Басты тақырып» бағдарламасының редактор-жүргізуші;

2019 - 2021 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ, АСБД ақпараттық жобалар бөлімі, қорытынды шығарылым жүргізушісі;

2021 - 2022 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ, АСБД, ақпараттық жобалар бөлімінің редактор-жүргізушісі;

2022 - 2023 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ, АСБД ақпараттық жобалар бөлімінің шеф редакторы;

10.02.2023 - о.у.д. «Қазақстан» РТРК» АҚ, АСБД директордың орынбасары.

2023 жылдың шілде айынан «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының директоры.

2024 жылдың сәуір айынан «Qazaqstan» телеарнасының Бас продюсері қызметтерін атқарған.

«Нұр-Сұңқар» жүлдесінің, «Халық алғысы», «Ақпарат саласының үздігі» медальдарының иегері.