• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Туризм 21 Мамыр, 2024

Ел азаматтары Оманға тікелей рейс арқылы ұша алады

53 рет
көрсетілді

Қазақстан азаматтары Оманға тікелей рейспен ұша алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биылғы 18 маусымнан бастап «Salam Air» Оман әуекомпаниясы Алматы – Маскат бағыты бойынша әуе қатынасын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Рейстер сыйымдылығы 180-230 орындық «Эйрбас-А320/А321» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады»,  делінген хабарламада.

Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар