Нұрлан Жақыпов тағайындалғанына 3 ай өтпестен Qazaq Air басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz авиакомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, Нұрлан Жақыпов Qazaq Air әуе компаниясының басшысы қызметіне 1 наурызда тағайындалған болатын.
Бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан «Qazaq Air» әуе компаниясының Ұлттық қорға 38 миллиард теңге қарызы бар екенін айтқан еді.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті