Алматы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасарына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Наиля Мулюковаға қатысты қылмыстық іс Медеу ауданының №2 сотына түсті. Оған 92 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген айып тағылып, Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша сотталып жатыр:
189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу»; 361-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы «Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану»; 364-баптың 1-бөлігі «Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу».
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті