• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2024

Қызылорда облысына ерте пісетін көкөністер тасымалданып жатыр

144 рет
көрсетілді

Қызылорда облысына Өзбекстаннан ерте пісетін пияздың алғашқы легі жеткізілді. Көкөніс өңірдің ірі сауда желілері мен әлеуметтік дүкендеріне белгіленген бағамен таратылатын болады, деп жазады Egemen.kz.

Маусымаралық кезеңде Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» АҚ-мен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, отандық өнім шыққанға дейін ішкі нарықты ерте пісетін көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Ерте пісетін көкөністердің жеткізілуін сапалы ұйымдастыру мақсатында Өзбекстан мен Тәжікстанның өнірушілерімен көшпелі кездесулер ұйымдастырылды.

Өзбекстанның «UZTRADE» АҚ сыртқы сауда компаниясымен келісімшарттар жасалды. Тәжікстанда Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы экспорт жөніндегі агенттікпен, Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттікпен осындай келісімдерге қол қойылды.