• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Мамыр, 2024

БҚО-да терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды

70 рет
көрсетілді

22 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді.  

«Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталған адам бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар