• RUB:
    5.35
  • USD:
    467.29
  • EUR:
    501.03
Басты сайтқа өту
Бокс 23 Мамыр, 2024

Париж-2024: Қазақ боксшылары соңғы жолдамаларды сарапқа салады

121 рет
көрсетілді

24 мамыр - 2 маусым аралығында Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан Париж Олимпиадасына жолдама үлестірілетін соңғы турнир өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Әзірге Қазақстан ерлер командасында 63, 5 кг салмақ дәрежесінде лицензия қоржынға түспеді. Бангкоктағы бәсекеде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы осы салмақта жолдама жолында шаршы алаңға шығады.

Мұхаммедсабыр Базарбайұлының салмағында 5 жолдама қарастырылған. Жартылай финалға өткен 4 боксшыға лицензия беріліп, 1/4 финалда жеңілген спортшылар өзара қосымша жекпе-жек өткізеді.

Әйелдер командасы: 

50 келі. Назым Қызайбай; 54 келі. Ұлжан Сәрсенбек; 60 келі. Римма Волосенко; 66 келі. Наталья Богданова; 75 келі. Валентина Хальзова. «Назым Қызайбай (50 келі), Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Наталья Богданова (66 келі) және Валентина Хальзованың (75 келі) салмақ дәрежелерінде 4 адамға лицензия беріледі. Әрқайсында жартылай финалға шыққан 4 спортшы жолдама иегері атанады. Тек 60 келіде үш лицензия бар. Римма Волосенконың салмағында қос финалистке жолдама қарастырылған және жартылай финалда жеңілген екі боксшы өзара үшінші лицензияны сарапқа салады», делінген Қазақстан бокс федерациясының хабаралмасында. Бүгін, 23 мамырда жеребе тартылып, алғашқы қарсыластар анықталады.