• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Музей 23 Мамыр, 2024

Жас түлектер музейге келді

179 рет
көрсетілді

Жезді кентіндегі Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі музейінде бір жақсы дәстүр қалыптасқан. Мектеп бітіруші түлектер мамыр айының соңғы күндерінің бірінде музейге келіп, осында экскурсия жасайды, қызметкерлермен кездеседі. Кездесу соңында теледидар арқылы осы музейді ұйымдастырған соғыс және еңбек ардагері Мәкен Төрекелдиннің жас ұрпаққа қалдырып кеткен өсиеті жазылған бейнежазбаны тыңдайды.

«Биылғы түлектермен кездесу өте ерекше өтті. Өйткені, биыл ұлы ғалым Қаныш Сәтбаев атамыздың туғанына 125 жыл толды. Сондықтан, жас түлектерге музей атынан ғалым аталарының жолын берсін деген тілекхат тапсырдық», дейді музей басшысы Зейпін Қазанбаева.

Қарсақбай геологиялық барлау партиясын басқарған Қ.И.Сәтбаев Мәкен Төрекелдинді 16 жасар кезінде жұмысқа қабылдаған екен. Бүгінгі жасөспірімдердің үлкен өмірге Қанекеңнің ізбасарларының бірі болған Мәкен Төрекелдиннің өзі болмаса да, өнегелі сөзін естіп аттанып жатқаны да ұрпақтар сабақтастығы іспетті жарасымды шаралардың біріне айналды.

 

Ұлытау облысы, Жезді кенті.