• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2024

Құтқарушылар Атырау облысы тұрғындарына алыс жолға шықпауды ескертті

139 рет
көрсетілді

24 мамыр күні Атырау облысы аумағында дауыл соғады. Осыған байланысты аймақтағы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға алыс жолға шықпауды ескертті, деп жазады Egemen.kz.

24 мамырда Атырау облысының оңтүстік, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады.

«Облыстың солтүстік - шығысында, оңтүстігінде, шығысында соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м / с жетеді. Облыстың солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары», делінген ТЖД хабарламасында.

Ауа райының нашарлауына байланысты құтқарушылар облыс тұрғындарын жолға шықпауға шақырды.

«Бұл, әсіресе, Махамбет және Индер аудандары бағытындағы тасжолдарға қатысты. Аталған жол бөліктерінде бүгінде су басу қаупі жоғары және ол қозғалысқа қауіп төндіреді»,  деп хабарлады Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі штабы.

Еске сала кетейік, Атырау облысында табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталып тұр. Тасқын су қаупіне байланысты кейбір бағыттар бойынша автомобиль жолдары уақытша жабық.