• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Мамыр, 2024

Оқушы қызды пышақтап, денесін арыққа тастағандар сотталды

102 рет
көрсетілді

Түркістан облысында оқушы қызды бопсалап, артынан пышақтап өлтірген екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға өткен жылдың сәуір айында Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында болған. 9-сынып оқушысын өз мектебінің 11-сынып оқушысы мен 19 жастағы ауыл тұрғыны бопсалаған. Күдіктілер мектеп оқушысынан интимдік суреті желіге шықпауы үшін 1 миллион теңге талап еткен.

Кейінірек оқушының мәйіті арықтан табылды. Ол екі жерінен пышақ жарақатын алған екен. 

Жасөспірім қызды өлтірді деген күдікке екі ер бала ілінді. Апелляциялық сот үкімі алқабилер қатысуымен шықты. Бұған дейін Бейбарыс 16 жылға сотталса, Тасқын бас бостандығынан шектеу жазасымен құтылған еді. Қос тарап та сотты қайта қарауды сұрап, апелляциялық сот төрт айға созылды.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыс жасады деп айыпталған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қаралды. Алқабилер сотының негізгі айыпталушыға шығарған үкімі өзгеріссіз қалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 132-бабының 4-бөлігімен, 194-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен, 99-бабының 2-бөлігінің 10, 14-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады.

Екінші сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті