• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Мамыр, 2024

Баланы оқуға қалай ынталандырамыз?

354 рет
көрсетілді

Білім ынта мен ықыласпен, қызығушылықпен қабылданса, баланың тұлғалық дамуына зор ықпалы болады. Мойындау қажет, кейінгі жылдары оқушылардың оқуға деген ынтасы біршама төмендеді. Мұның бірнеше себебі бар: ол қазіргі таңдағы ақпараттың көптігі, оқушылардың назарын алатын дүние, әлеуметтік желілер, ғаламтор, түрлі ойындар өте көп. Соның салдарынан қазіргі білім беру саласында үлкен түйткілді мәселе тұр. Ол – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, назарын ұстап қалу.

Кейінгі жылдары бі­лім саласы үлкен сер­пілістер мен өзгері­терді бастан өткерді. Қазіргі оқушылардың ойлау жүйесі тым жылдам дамып келеді. Оқушының қажеттіліктері мен оның деңгейіне сай сабақты құрылымдап, оны сауатты жос­парлау қазіргі таңда өте өзекті. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтын­са­риннің «Оқығанды көңілге, ықыласпен тоқыңыз!» деген жырының түпкі мәні терең. Алған білімін көкірегіне түйіп, одан өзіне бір сабақ алмаса, құр жаттап алған білімнің баланың болашағы үшін ешқандай маңызы жоқ. Оқушыны оқуға ынталандыру үшін, не үшін оқу керек, жалпы білімнің адам өмірінде құндылығы қандай? Осы сұрақтың жауабын баланың санасына құя білу керек. Ғаламтордың сиқырлы әлемінде баланың назарын өзіне тартып, түрлі қызылды-жасылды қызығымен сабаққа қарауға мұрша бермейді. Мұғалімнің бұл тұрғыда басты қаруы – сабақта қолданылатын тиімді, қызықты, табысты, сапалы әдіс-тәсілдер. Ол үшін баланың қызығышылығы мен қажеттілігін ескеру қажет. Балалар жаңа технологияны тым жылдам игереді. Сабаққа қатысты ойын үлгісіндегі қызықты әдістерді қолданыңыз. «Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт» деген халық даналығында оқушының әр сабақтан бір ой түюі маңызды екендігін білдіреді. Ойлануға дағдыландыратын әдістер, оны тұлға ретінде пікірі маңызды екенін көрсете білгенде, әр оқушының идеясын терең сараптағанда, сабақтың түрлі форматта, әртүрлі рөлдік ойындармен өткізгенде оқушының сабаққа ынтасы артады. Ынтасын оятып, қызықтырып өткізілмеген сабақ оқушының жадында ұзақ сақталмайды.

Заманауи мұғалімдерді тол­ғандыратын мәселелер көп. Соның ең негізгісі – оқушыны оқуға қалай ынталандырудың сыры. Қазіргі балаларда назарды шоғырландыруда, білімге шынайы ықыласпен кірісіп оқуда үлкен мәселе бар. Оны шешу үшін ұстаздар қауымы үнемі ізденіп, жаңа әдістерді ойластырып, идеяларын дамытып отырады. Кез келген істі ынта-ықыласпен орындаса, оның нәтижесі де көп күттірмейді. Қорытынды ойым, оқушылардың оқуға ынтасын оята білген ұстаз оқушылардың болашағының жарқын болуы­на жасап жатқан ең ұлы ісі. Оқушы кезден оқуға ынтасы оянса, ол өмір бойы ізденуге, дамуға, өсуге, жаңа нәрсені білуге құштар болады. Бұл – табысты тұлғаның басты қасиеті. Табысты тұлға қалыптастыруда оқушылардың оқуға ынтасын оята білейік!

 

Айнагүл ТАБУЛДИНА,

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

 

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы