• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Мамыр, 2024

Қытайда жер сілкінісі тіркелді

132 рет
көрсетілді

Қазақстан сейсмологтары Қытайда болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісін ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі тіркеді. Олардың мәліметінше, зілзала 27 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 03:19-да болған.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. MPV магнитудасы - 4,1.

Жер сілкінісі Қазақстанда сезілген жоқ.