25 мамыр күні Жамбыл облысы Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына бағыт алған жолда мектеп түлегі мінген көлік апатқа ұшырады. Салдарынан 1 адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Тойота Камри» маркалы автокөлікті 21 жастағы қыз тізгіндеген. Ол рөлге ие бола алмай, машина жол жиегіне аударылған. Көлік апатынан жүргізуші қаза тапты.
«Тойота Камри» көлігінің жолаушылары — 20, 17 жастағы азаматтар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілді. Жағдайы бірқалыпты, бақылауда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген Жамбыл облыстық полиция басқармасының хабарламасында.