• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Мамыр, 2024

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

141 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жерасты дүмпулерін сейсмикалық стансалар желісі 27 мамырда Астана уақытымен сағат 11:12-де тіркеді.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 986 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. MPV магнитудасы - 4,4», делінген хабарламада.