• RUB:
    5.31
  • USD:
    463.77
  • EUR:
    495.49
Басты сайтқа өту
Білім 27 Мамыр, 2024

Еліміздің мектептерінде емтихан басталды

93 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің мектептерінде аралық және қорытынды емтихандарды тапсыру кезеңі басталды. Емтихан 11 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл бірінші рет білім алушылардың оқу бағдарламаларын игеруін, оқу және жазу сауаттылығын айқындау мақсатында 5-8,10 сыныптар үшін 31 мамырға дейін қазақ тілінен емтихандар өтеді. Емтиханның нақты уақытын оқу орындары өздері белгілейді. Емтихан екі бөліктен тұрады: жазбаша және ауызша. Оқушылар эссе жазады, сондай-ақ, мәтінді оқу, әңгімелесу және мәтінді тыңдап түсіну бойынша өз шеберліктерін көрсетеді»,  деп хабарлады министрлік.

9-сынып оқушылары үшін бітіру емтихандары 29 мамыр мен 10 маусым аралығында, 11-сынып оқушылары үшін 28 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.

«Ақтөбе облысынан 9 мектеп, Атырау облысынан 20 мектеп және Солтүстік Қазақстан облысынан 5 мектеп оқушылары бұл өңірлерде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына байланысты аралық және қорытынды аттестациялаудан босатылды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Нәтижесінде қорытынды аттестациядан барлығы 340 мыңнан астам 9-сыныпты бітірушілер, 186 мың 11-сыныпты бітірушілер өтеді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті