• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2024

Құлсарыда 11 мыңға жуық тұрғын баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды

221 рет
көрсетілді

Құлсарыда мобильді топтар үйлерді аралау барысында 2 583 тұрғын үйді бағалау және техникалық тексеру қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысы бойынша жедел штабқа сілтеме жасап.

«Қазір Құлсары қаласының 1 594 тұрғыны өтемақы алу туралы келісімшартқа қол қойды. Жергілікті 1165 тұрғынға өтемақы қаржысы төленді. Оның ішінде 722 тұрғын баспана сатып алу, 443 адам тұрғын үйін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары үшін төлем алды», деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Бүгін техникалық зерттеу нәтижелерін қайта қарау басталды. Нәтижелерді тұрғындардың ескертулерін ескере отырып, бұрын түскен өтініштер бойынша техникалық мамандар қарайды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Құлсары қаласының 606 тұрғыны баспанасын қайта қалпына келтіру үшін өтемақы алған болатын.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті