Алматы облысындағы асулардың бірінде туристер мінген автобустың аударылып кетуіне жол берген жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 27 мамыр күні Yutong автобусының жүргізушісі Кеген-Жаланаш-Көлсай автожолының бесінші шақырымында келе жатып, рульді басқара алмай, автобустың аударылуына жол берді.
25 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.
- Жүргізуші куәлігінен айырылған көлік құралын басқарғаны үшін автобус жүргізушісі қамауға алынды. Сонымен бірге, автобусты айдауға берген жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның иесіне ірі мөлшерде айыппұл салынады,- деп хабарлады полициядан.