• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 28 Мамыр, 2024

Дәйекті дамудың кілті – диалогте

123 рет
көрсетілді

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогті дамыту жөніндегі орталықта «Әлемнің тұрақты дамуына қол жеткізудегі діни лидерлердің рөлі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өтті.

Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері ко­митетінің төрағасы Е.Нүке­жанов, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогті дамыту орталығы басқарма төраға­сының міндетін атқарушы Д.Есено­ва, Ислам ынтымақтастығы ұйы­мы жанындағы ислам, өнер және мәдениет тарихын зерттеу орта­лы­ғының (IRCICA) бас директоры Махмуд Эрол Кылыч, халық­аралық ұйымдардың, Үндіс­тан, Түркия, Мысыр, Пәкістан, Ұлыбритания, Ресей, Израиль, Ватикан елдерінің ғылыми және сараптамалық қоғам­дастығының өкілдері қатысты.

Конференция барысында қа­ты­­су­­шылар діни лидерлердің өр­кениет­аралық және дінаралық диалогті нығайтуға, олардың ұзақ­мер­зімді тұрақтылығына қол жет­кі­зуге және халықаралық қақ­ты­ғыстың алдын алуға қатысуын ке­ңей­тудің негізгі аспектілерін талқы­ла­ды, сондай-ақ Әлемдік және дәс­түрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XXI отырысын­да қабылданған «Әлемдік және дәс­түрлі діндер лидерлері съезін да­мы­ту­дың 2023-2033 жылдарға ар­налған Тұжырымдамасын» іске асыру жө­нін­де пікір алмасты.

«Діни көшбасшылар мен діни дипломатияның рөлі әлемдік саяси көшбасшылармен, халықаралық ұйымдармен және діни қауым­дас­тықтармен диалог үшін ма­ңызды. Әлемнің жетекші діни көшбасшыларының халықаралық агрессорларға тікелей бірлескен үндеуі қазірдің өзінде халықаралық шиеленісті төмендетуі мүмкін», деді жиында Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов.

ИЫҰ жанындағы ислам, өнер және мәдениет тарихын зерттеу орталығының (IRCICA) бас директоры Махмуд Эрол Кылычтың айтуынша, 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде қабылданған декларация діндер кездесетін жерлерде жемісті консультативтік негіздің болуын қамтамасыз етеді. «Құжат діндер мен олардың көшбас­шыларының адамзат үшін әділ және бейбіт болашақ құрудағы рөлін көр­сетеді», деді ол.

Ал Үндістандағы «Somaiya Vidyavihar» университетінің ректоры Самир Шантилал Сомайя жүрегі кең адамдар үшін әлем бір отбасы екенін атап өтті. «Климаттың өзгеруі жағдайында біз әлемді өзіміздің отбасымыз ретінде қабылдаудан басқа амалымыз жоқ екенін түсінуіміз керек. Өзіңіз туралы ойлау – бұл әлем туралы ойлау. Біз қасиетті жазбалардан шабыт алуымыз керек, ғылым үйренуіміз керек, шындыққа көз жүгіртіп, әрекет етуіміз қажет», деп атап өтті ол.

Конференция модераторы Д.Есенова қатысушылардың баян­да­маларын қорытындылай келе, оларға іс-шараны жан-жақты және дәйекті қолдағаны үшін ри­за­­шылығын білдірді, сондай-ақ дінаралық диалогті ілгерілетуде, бей­бітшіліктің орнықты дамуы­на және әріптестікті одан әрі ке­ңейтуге қол жеткізудегі діни көш­бас­шылардың рөлі орасан екенін айтты. Халықаралық онлайн-конференция қорытындысы бойынша сарапшылар әлемдік және дәстүрлі діндердің жаһандық диа­логін дамытуда елдердің ха­лық­аралық бастамаларының ма­­ңыз­дылығын атап өтті, сонымен қатар дінаралық диалогті нығайту мәселелері бойынша одан әрі же­місті ынтымақтастық туралы уағ­даластыққа қол жеткізді.