• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2024

Атырау облысында айналма жолдың бір бөлігі уақытша жабылды

111 рет
көрсетілді

28 мамырда сағат 10:30-да «Ақтөбе – Атырау – Ресей шекарасы» уақытша айналма жолында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жүк көлігінің қозғалысына шектеу 646 шақырымнан 647 шақырымға дейінгі жол учаскесіне,  сондай-ақ Атырау – Х.Ерғалиев ауылына қойылды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, бұл шешім Байшақа өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне және жолдың қирау қаупіне байланысты қабылданды.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлім еткендей, бүгін Жайық  өзенінде су деңгейі сәл көтерілді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті