• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Медицина 28 Мамыр, 2024

Жас ғалымдар жусаннан диабетке қарсы дәрі әзірлеп жатыр

99 рет
көрсетілді

Еліміздің жас ғалымдары жусаннан диабетке қарсы дәрі дайындап жатыр. Бұл туралы тілшіміз Елігімай Төңкер «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған «Жусаннан жасалған...» мақаласында тарқатып жазды.

Жусаннан дәрі дайындау Әл-Фараби атын­да­ғы Қазақ ұлт­тық университетінің «Дәрі­лік өсім­діктерді ғылыми-зерттеу» орта­лы­ғы­ның аға ғылыми қызметкері Әлия Нұрлы­бекованың бастамасы.

Жусаннан алын­ған қосылыстардың диабетке, қабынуға, коронавирусқа қарсы биологиялық белсенділігі зерттел­мек. Ал Әлия Қазақстанда өсетін өсімдіктердің химиялық құрамын зерттейді. 

«Ғылыми жұмыс барысында алын­ған сығындылардың биологиялық бел­сенділігі зерттеуге жіберіледі. Ал әрі қарай оның химиялық құрамындағы өзгерістерге назар аударылады. Өзге­ріс­тердің ішінде осыған дейінгі ғылыми ізде­ністерімізде кездескен, яғни белгі­лісі, сол сияқты белгісіздері де бар. Бұдан бөлек фармакологиялық белсенділігі де зерттеледі. Жүргізілген зерттеу жұмы­сының нәтижесі бойынша биологиялық белсенді қоспалар, түрлі препараттар дайындап шығарамыз. Бұл отандастарымыз үшін өте пайдалы болмақ. Қанша дегенмен табиғи өнімдер арқылы жасалады. Құрамында синтетикалық өнімдер, химиялық қоспалар жоқ», дейді Әлия Нұрлы­бекова.

Биологиялық белсенді қоспалар «Дә­рілік өсімдіктерді ғылыми зерттеу» ор­талығында тексеруден толық өтіп, әзір­лену сатысында тұр. Қазір жас ғалымдар  өн­дірген өнімдерді мемлекеттік тіркеу­ден өткізіп, әрі қарай құқықтық тұрғыда патенттеу жұмысын жүр­гі­зіп жатыр. Бұл құқықтық құжат отандастарымыз­ға дайын өнімді нарыққа еш қиналмай шығарып әрі емін-еркін сату үшін аса қажет. Олар дайындалған дәріні, алды­мен, ел аумағына шығаруды жоспарлап отыр. Егер сұраныс артса, әлемдік нарыққа да аяқ басу жоспар­ларында бар.

Даламызда өсетін көптеген дәрілік өсімдіктен кез келген сырқатқа шипа болатын дәрі-дәрмек, дәрумен, био­логиялық қоспа, жақпа май, жапсырмалар әзірлеуге болады. Осы және өзге де қызық мәліметтерді Елігімай Төңкердің «Жусаннан жасалған...» мақаласынан оқи аласыз.

 

Ерлан КИІКБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті