Қазақстанда Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа бөлімшелері құрылды. Тиісті бұйрыққа Қаржы министрі қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құжатқа сәйкес Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай бөлімшелермен толықты:
- Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жаңасемей ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы;
- Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақаншы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы;
- Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алатау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Марқакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда жаңа полиция бөлімшелері құрылған болатын.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті