• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Мамыр, 2024

«Атырау-Астрахань» тасжолының астынан су өткізгіш құбыр салынды

123 рет
көрсетілді

Қаладан 30 км жерде уақытша салынған айналма жолды Байшақа өзегінен келетін су шайып кетті. Келген суды теңізге қарай кедергісіз өткізіп жіберу үшін бұл жер тағы 2 метрге қазылып, диаметрі 100 см болатын 6 құбыр салынды. Жұмыстар бір тәулікке жалғасып, дереу көлік қозғалысы үшін жол ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысы бойынша ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметіне сілтеме жасап.

- Уақытша жұмыстар кезінде көліктер әлі пайдалануға берілмеген көпір арқылы қатынады. Тасжолға өр суы келген бойда кедергісіз Каспий теңізіне қарай өткізіп жіберу үшін дереу материал алдырып, жұмыстарды бастап кеттік. Бұл арқылы «Атырау-Астрахань» тасжолын нөпір су басу қаупін сейілтеміз, - деді Атырау облысы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басшысының орынбасары Азамат Қабдығалиев.

Су өткізгіш тұрба салу жұмыстарына 20 бірлік техника мен 30 адам жұмылдырылды.