Полиция қызметкерлері саяжайларда арнайы рейд жүргізді. Нәтижесінде 50-ден астам қараусыз қалған саяжай анықталып, 13 құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін жергілікті тұрғындар тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар саяжайларын тонап жатыр деп шағымданған еді. Олар топ-топ болып жиналып, саяжайлардағы бөтеннің мүлкін бүлдіріп, алкогольдік ішімдік ішкен.
Полицейлер тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдап, «Металлург», «Яблонка», «Южный» саяжайларында рейд жүргізді.
Тәртіп сақшылары саяжайларды аралап, 50-ден астам қараусыз қалған учаскелерді анықтады. Барлығы 13 заң бұзушылықтың жолы кесілді. 7 адам мас күйінде, 9 адам тұрақты тұрғылықты жері жоқ күйде ұсталды. Барлық тәртіп бұзушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді», деді қалалық полиция басқармасының бірінші орынбасары
Саяжайларда әлі де рейд жүргізіледі.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті