• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Мамыр, 2024

«Бұл менің ақшам!»: Алаяқтар тағы бір зейнеткерді сан соқтырды

114 рет
көрсетілді

Қарағанды ​​облысының полицейлері мен банк қызметкерлері облыс тұрғынының алаяқтарға ақша аударуына тосқауыл қоюға тырысты. Алайда зейнеткер алаяқтардың сөзіне сеніп, оларға 750 мың теңге аударған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құқық қорғау органдары екінші деңгейлі банктермен бірлесе отырып, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша тұрғындармен белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Алайда алаяқтардың арбауына көп жағдайда зейнет жасындағы қарт адамдардың түсіп жатқаны қынжылтады.

Мәселен, Қарағанды ​​облысының 78 жастағы тұрғынына белгісіз біреу қоңырау шалып, нәтижесінде зейнеткер оған 750 мың теңге аударып жіберген. Киберполицияға банктің қауіпсіздік тобынан қоңырау түсті. Полицейлер мен банк өкілдерінің өтінішіне қарамастан, зейнеткер ақшаны аударып жіберген. Кейін болған оқиғаның жай-жапсарын түсінген зейнеткер, ақшасын жымқырып кеткен белгісіз біреуді жауапқа тарту үшін арыз жазды.

Полицейлер банк қызметкерлері мен құқық қорғау қызметі телефон соғып, банк картасының мәліметтері мен SMS кодтарын сұрамайтынын еске салды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ, 

ЕҰУ студенті