Париж Олимпиадасындағы күрес түрлерінен өтететін жарыстарға еліміздің екі азаматы қазылық етеді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Төрешілер тізімін Біріккен күрес әлемі (UWW) жария етті.
Олимпиада ойындарында төрелік ететін 50 қазының қатарында Қазақстанның екі өкілі бар. Олар - Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай.
Игорь Лигай Токио Олимпиадасында да қызмет еткен еді.
Айта кетейік, Қазақстан командасында күрес түрлерінен Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар.