Құтқарушылар тұрғындарға Жайық өзеніне шомылуды кейінге шегере тұруды ескертті. Бұл туралы ТЖ жою басқармасының бастығы Жантөре Сәндібекұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Жайық өзенінің ағысы қатты болуына байланысты халықтың суға шомылуы әзірге өте қауіпті. Сондықтан жағажай орындары ашылғаннан кейін ғана рұқсат етілген жерлерге шомылуға кеңес береміз. Өздеріңізге таныс емес немесе жабайы жағажайға бармауларыңызды ескертеміз», деді Жантөре Сәндібекұлы.Еске салайық, төтенше жағдайға байланысты Атырау қаласында суға түсетін орындар әлі ашылған жоқ.