• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Мамыр, 2024

Елімізде ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді - ТЖМ

101 рет
көрсетілді

Еліміздің тоғыз облысында ауқымды сейсмикалық дайындық жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жер-2024» оқу-жаттығулары 3 және 4 маусымда Алматы, Шымкент, Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында өтеді. Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан.

3 маусым сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісіне ұшырау мүмкіндігі бар аталған өңірлерде «Баршаның назарына!» сирена-сөйлеу құрылғылары іске қосылады. Сондай-ақ адам көп жиналатын объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізіледі. Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізілмек.

Аталған іс-шара республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі.

Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен далалық медициналық ауруханалар таныстырылады.

 

Алтынай АБДЫШ,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті