• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Маусым, 2024

Астаналық жігіт дәрігерлерге пышақпен шабуыл жасады

298 рет
көрсетілді

1 маусым түнде шақыртумен жеткен жедел жәрдем қызметкеріне мас ер адам шабуылдаған, деп жазады Egemen.kz.

Медицина қызметкерлерін отбасылық жанжалдан зардап шеккен әйел шақырған. 

Алайда олар келгенде агрессор ер адам әрекетін тоқтатпай, дәрігерді балағаттап, пышақпен қорқытқан.

«Пышақты алып қорқытып, бөлмені жауып, фельдшерге жұдырығын алып жүгірген. Медицина қызметкерлері 102 шақырған.Полиция жасағы ер адамды дереу ұстап, «Алматы» ауданы полиция басқармасына жеткізді. Пышақ тәркіленіп алынды», делінген Астана қалалық полиция басқармасының хабарламасында.

Медициналық сараптама 25 жастағы жігіттің масаң күйде болғанын нақтылады.Айыпталушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.