Астанадағы Қарталы көшесінің Н.Тілендиев даңғылынан Ақан Сері көшесіне дейінгі аралығындағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәліметінше, жөндеу жұмыстары 2-3 маусым күндері жүргізіледі.
Әкімдік Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.