Әртістік жүзуден Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан спортшысы алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еркін бағдарлама бойынша ерлер арасында Виктор Друзин 193.7938 ұпай жинап, жеңістің ең биік тұғырынан көрінді.
Айта кетсек, аталған турнирде осыған дейін отандасымыз Эдуард Ким техникалық бағдарламада топ жарған. Бұл – екі спортшының да әлем кубогіндегі алғашқы алтын жүлделері.