Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ж. Тәшенев көшесінен А. Бараев көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, осыған байланысты маусымның 4-7 күндері аралығында аталған учаске толығымен жабылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады», делінген әкімдік хабарламасында.