• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Маусым, 2024

Өзбекстан имамдарға қатысты жаңа тыйым енгізді

168 рет
көрсетілді

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы имамдарға әлеуметтік желілерге шығуға қатысты шектеу қойды. Мұндай қадамға имамдардың желіде тараған даулы пікірлері себеп болған, деп жазады Egemen.kz.

Азаттық радиосының Өбекстандағы қызметі 27 мамырда көрші ел мешіттеріндегі имамдар әлеуметтік желілерге кірмеу және ондағы жазбаларға «лайк» баспау туралы ескерту алғанын хабарлады.

Бұған дейін Ташкент қаласы бас имамының көмекшісі Эргаш Рустамовтың Telegram-да аудандардың бас имамдарына жіберген аудиосында имамдардың желідегі сөздері қатаң бақылауға алынғанын айтқаны тараған.

«Саламатсыздар ма, құрметті аудан бас имамдары! Біздің келесі тапсырмамыз – әлеуметтік желілерге кірмеу. Мұны қатаң түрде бақылаймыз. Қажыға баратындарға да мұның қатысы бар… Әлеуметтік желіде кез келген тақырыпқа «лайк» қоюға болмайды», делінген Эргаш Рустамовтың аудиохабарламасында.

Ал Өзбекстан имамдары бұл шешімге наразылығын білдірген.