• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 04 Маусым, 2024

ҚазҰУ-да химия кластері ашылды

150 рет
көрсетілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде Farabi Chem Science кластері ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология, химия, медицина, мұнай-химия және энергияны көп қажет ететін материалтану салаларында зерттеулер жүргізіп, жаңа шешімдер әзірлеуді іске асыратын кластерде 9 ғылыми зертхана орналасқан.

Жаңа зертхананың жұмысымен химия және химиялық технология факультетінің деканы Алина Галеева таныстырды.

«Шара барысында Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының отандық ғылым мен білімді дамытуға және инновациялық тәсілдерді енгізуге айрықша мән беріп отырғанын атап өтіп,  «ҚазҰУ базасында ашылып жатқан зертханалар еліміздің химия саласын дамытып, химия өнеркәсібі саласындағы жұмыстарды тереңдетуге ықпал ететін болады», деді өз сөзінде.

Университеттің басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, зертханалар сондай-ақ медицина және биология саласындағы көптеген зерттеулер жасалып, тың жаңалықтардың бастамасына айналады.

Зертханалар кластерінің болашақ жоспарлары, заманауи мүмкіндіктерімен Гарвард университетінің профессоры, зерттеуші-ғалым Марк Эллиот және оқу орнының  ғалымдары, жас зерттеушілер танысты.

Ғылыми зертханалар металл және ағаш конструкцияларға арналған отқа төзімді жабындылар жасауға, арнайы қасиетке ие бейорганикалық материалдардың жаңа түрлерін зерттеуге, заттар мен материалдарды сандық және сапалық талдау бойынша қызметтерді іске асыруға мүмкіндік береді. Зерттеушілер сонымен қатар қоршаған ортаны ластанудан қорғауға ықпал ететін, химиялық ток көздеріне арналған жаңа материалдарды әзірлеу, мұнай химиясы саласында тереңдетілген зерттеулер жүргізу, отандық медициналық-биологиялық құралдар мен бактерияға қарсы материалдар алудың оңтайлы әдістерін әзірлейтін болады.  

Кластерде ғалымдардың жұмыс істеуіне толыққанды жағдай жасалып, соңғы үлгідегі құрылғылар және аппараттармен жабдықталған. Мұнда гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобалары мен демеушілік субсидияларды іске асыру шеңберінде сатып алынған жаңа құрылғылардың құны 1 млрд теңгені құрайды.

Бүгінде университетте химия-технологиялық бейіндегі 3 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. Химиялық ғылыми кластеріне аналитикалық химия және қоршаған орта, электрохимиялық өндіріс технологиясы, мұнай-химия, химия-медициналық, жұқа органикалық синтез, энергияны көп қажет ететін наноматериалдар, перспективалық материалдар мен технологиялар, жоғары дәлдіктегі материалдарды диагностикалау зертханалары мен Chemical Coatings Innovations ғылыми-өндірістік орталығы кіреді. Мұнымен қоса  AlemTrade компаниясының демеушілігімен ашылған жоғары дәлдіктегі материалдарды зерттеу зертханасының да мүмкіндіктерін атап кеткен жөн.