Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоғанның қолдауымен жыл сайын «Көп ғасырлық талғамдардың тоғысқан жері: Жеті өңірдегі түрік асханасы» атты апталық өтеді. Соның аясында еліміздің бірқатар өңірінде де түрік асханасы ұйымдастырылды.
Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің ұйымдастыруымен түрік асханасының тамаша үлгілері мен Эгей аймағының тағамдары таныстырылды. Мерекелік іс-шара аясында Астанадағы шетелдік миссия өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олар елімізге келген атақты түрік аспазы Үміт Каракуштың ас мәзірімен танысып, тіл үйіретін тәттілерінен ауыз тиді. Түркия елшісі Мұстафа Капуджу келушілерге көне түрік асханасының дәстүрі мен құрамын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, Анадолының ерекше дәмдерін таныстыру үшін дүние жүзінде іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ Эгей аймағының ерекше зәйтүн майлары таныстырылып, қонақтарға артишок жүректері, қуырылған шөптер, асшаян қосылған фава, сегізаяқ, қаңылтыр, пісірілген теңіз басы, қабырғалар және алмұрт пудингі секілді түрлі мәзір ұсынылды.