• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2024

Алматыда заңсыз жұмыс істеген 27 Өзбекстан азаматы ұсталды

139 рет
көрсетілді

Алматы қалалық полициясы заңсыз жұмыс істеген 27 Өзбекстан азаматын анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Көші-қон талаптарын орындамаған шетелдіктер «Заңсыз» республикалық жедел-алдын алу шарасы барысында ұсталды. 

«Тексеру кезінде тоғыз шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттары болмады. Олар ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды. Әрбір құқық бұзушының жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.