АҚТАУ. 16 қаңтар. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы аумағында орналасқан «Экотехникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өрт орын алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Маңғыстау облыстық төтенже жағдайлар департаментіне өрт туралы хабар 14 қаңтарда жергілікті уақытпен 12 сағат 20 минутта түскен. Арада 17 минут өткенде дабыл түскен орынға жеткен өрт сөндірушілер қалың түтін мен мекеменің мұнай қалдықтарын жинайтын бөлігінен ашық жалынды көреді. Ақтау қаласынан шығысқа қарай 28 шақырым қашықтықта 3 га. жерге орналасқан аталмыш серіктестікте әрқайсысы 2 сектордан тұратын 11 бөлік болса, өрт нәтижесінде 200 шаршы метр жерді өрт шалған. Сондай-ақ, «Жұбантранссервис» ЖШС-не қарасты мұнай тасымалдайтын «Камаз» автокөлігі толықтай жанып кеткен. Зардап шегуші жоқ, ал тиісті орындардың мәліметінше автокөлік жүргізушісі өрт мұнай қалдықтарын төгу кезінде тұтанғандығын айтқан. Өрті ауыздықтауға 4 техника мен 14 адам жұмылдырылып, жергілікті уақытпен сағат 6-да толықтай сөндірілген. Оның шығу себебі мен шығынын анықтаумен Маңғыстау облыстық ТЖД мен ІІД айналысуда.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: egemen.kz.