• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Театр 05 Маусым, 2024

Семей көрермендерін серпілтті

68 рет
көрсетілді

Астана қаласының музы­ка­лық жас көрермен театры «Астанадан Семейге сә­лем» атты өнер сапарымен 31 ма­мыр және 3 маусым аралығында Абай мен Мұх­тар еліне аяқ басты. Төрт жылдан бері елорда мәдениетіне ерекше се­рпін әкелген театр гастрольдік сапары аясында облыс жұрт­­шылығына М.Әуезовтің шы­ғармасы негізіндегі «Абай-Тоғжан», Д.Исабековтің «Гау­­һартас» және А.Воло­диннің «Қоштасқым кел­мей­ді...» музыкалық драмаларын ұсынды.

Жас ұрпақтың дүние танымына, жан дү­ниесіне, рухани бол­­мысының қалыптасуына әсер ететін «Абай-Тоғжан» му­зыка­лық драмасына ұлы ойшыл ғұ­­­мы­рының бозбала шағы ар­қау болды. Жас Абайдың жү­­ре­гінде оянған алғашқы махаб­­баты, көкірегінде туған тұң­­ғыш жыры әуезді әнге айналып, ішкі сезім тебіреністерін ала­­са­пыран күйге салатын сәт­­тер көрермен тал­қысына түсті.

Көрнекті жазушы-драматург Дулат Исабековтің тырнақалды туындыларының біріне баланған «Гауһартас» повесінің сахналық нұсқасы – музыкалық драма жанрындағы қойылым көпшілікке ерекше әсер еткендей көрінді. Жетпі­сінші жылдардағы ата кәсіп – шо­пандықпен айналысып, қара­пайым ғана тіршілік кешкен шағын отбасының шынайы өмірі мен кісілік келбеттері кестеленген шы­ғарма. Музыкалық жас көрермен театрының қоғам­мен байланыс және ақпарат бөлімнің басшысы Әділғазы Бақытұлының айтуынша әдеби туынды да, осыған дейін әні мен терең мәнімен талай жүректі тербеген «Гауһартас» повесі де, кинофильм де бар. Алайда жан сарайына мөлдірлік пен іңкәрлікке тұнған Салтанат, қатулы Тастан, нәзік болмысты Қайыркен сияқты драмалық образдар арқылы жас­тар үнін, бүгінгінің сөзін жеткізуге тырысқан.

Семей көрермені тамаша­лаған аталған театрдың тағы бір қойы­лымы «Қоштасқым кел­мейді..» музыкалық драмасы. Бұл көрнекті орыс драматургі А.Володиннің терең пси­хо­ло­гизммен ерекшеленетін пьесасы ажырасуға бел буған сегіз от­басының тағдырына құрылған. Театрдың жас буын актерлері спектакльді ойнап-шығумен бірге өмірдің қарапайым да күрделі жақтары хақындағы ойларды ортаға салды.

Қоржындарын «Сыншылар жүлдесі-2023» «Жыл актрисасы – 2023», «Umai» ұлттық сый­лық­та­рымен майлаған Астана қала­сы­ның музыкалық жас кө­рермен театры осылай Абай туған мекеннен шабыттанып ат­танды. Осыған дейін Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе қа­ласында өнер сапарымен бол­ған жас актерлердің алдында Өске­мен мен Шымкенттегі ойлы көрерменнің көңілінен шығу мақ­саты тұр.

 

Абай облысы